Ақтауда 18-30 жас аралығындағы қыз-келіншектерге арналған She-commerce бағдарламасф өтеді. Өтінім қабылдау ертең, 7 мамырда аяқталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Astana Hub» халықаралық ІТ компаниясының аймақтық өкілі,
«Mangystau IТ Hub» жетекшісі Айгерім Мажтайдың айтуынша, She-commerce бағдарламасы «Mangystau IТ Hub»-тың ұйымдастыруымен, Astana hub, USAID (АҚШ) және IT Park Uzbekistan қолдауымен өткізіледі.
- Тегін курстар екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде 10 өңірлік хабта бес апта бойы SMM, мобилография, дизайн, AI, Microsoft Office негіздерін офлайн оқиды. Ал екінші бөлімде Wildberries, Kaspi және Ozon маркетплейстерде сауда жасау бойынша онлайн білім алады. Бағдарлама мақсаты - Ақтау, Түркістан, Талдықорған және Тараз қалаларындағы 18-30 жас аралығындағы қыз-келіншектерге цифрлық экономика және саудадағы өзекті дағдыларды үйрету, - дейді Айгерім Мажтай.
Өтінім жіберу үшін сілтемеге өтіңіз: https://forms.amocrm.ru/rttcztm